Шаңырақ күні: Астанада жас жұптардың некесі қиылды

Фото: Фото: Руслан Ғаббасов/Kazinform
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM –  Қазақстанда Наурыз 10 күн бойы тойланады. Ұлық мерекенің жаңа форматы бойынша 14-23 наурыз күндері – Наурызнама онкүндігі деп жарияланды. Атап айтқанда, 14 наурыз Амал мерекесі, 15 наурыз Қайырымдылық күні ретінде аталып өтті.

Ал 17 наурыз «Шаңырақ күні» болып белгіленді. Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеген, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Мерекеге орай елордада «Астана жастары» ЖРО елордадағы АХАТ басқармасымен бірлесе үш жас жұптың некесін қию рәсімін ұйымдастырды. Атап айтқанда, іс-шара барысында Қайрат Рыспаев пен Медина Нұрмағамбетова, Ақжол Мельс пен Айтолқын Қуанышбек, Әли Сыбанбаев пен Айғаным Пернебекова есімді жас отбасыларды құттықтау рәсімі ерекше форматта өтті. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT