Шахмат турнирінде жеңімпаз атанды

(0 Votes)

Хусайнов Есей Ақтайұлының есімі аудан спортшыларына жақсы таныс. Шебер  шахматшы  ретінде облыста да өзін мойындатып жүр. Ол тәрбиелеген шәкірттер де өздері қатысқан сайыстардан құр қол қайтқан емес. 

Жақында  Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан Абай орталығында шахматтан облыстық  Ардагерлер  кубогы  турнирі  ұйымдастырылған болатын. Оған облысымыздың  әр өңірінен 46  шахматшы  қатысып, бақ сынады. Сайыс швейцар жүйесі бойынша  9 турда өтті. Қызықты да тартысты ойын сағат 10-да басталып, кешкі 5-те аяқталды.  Жерлесіміз Есей Хусайынов шашасына шаң жұқтырмай, теңдессіз  ойын өрнегін көрсетіп, 9 турда да қарсылас шақ келтірмей, жүлделі І орын алды. Жеңісіңіз жалғасын таба берсін  дейміз.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT