СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстықфилиалында партияның Саяси кеңесінің мәжілісі өтті.

Саяси кеңес жұмысын Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов ашып, жүргізді.

  • Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен ағымдағы жылғы 1 наурызда партияның кезектен тыс XXII съезін өткізу туралы шешімі қабылданды. Аталған съезді елдегі орын алған карантиндік шектеу шараларына орай онлайн форматта өткізу жоспарлануда, – деген аймақ басшысы кеңес мүшелерінің алдында күн тәртібіне қойылған мәселеге байланысты Атырау облысынан делегаттар сайлау міндеті тұрғанын айтты.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейірім Қалауи сөз алып, делегаттармен таныстырды. Саяси кеңес мүшелері делегаттар тізімін бірауыздан қабылдады.

Лиза СЕЙТІМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521