Серік Шәпкенов Атыраудағы атмосфералық ауаның ластану себебін анықтауға 10 күн берді

(0 Votes)

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өңірдің экологиялық ахуалы туралы әкімдік отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік отырысына экология департаментінің, «Қазгидромет» РМК АФ-ның, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшылары мен «АМӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC N.V компанияларының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы мереке күндері ауаға тараған жағымсыз иістің пайда болған кезінде қажетті шараларды қолға алмаған жауапты органдардың жұмысын сынады. Бірер күр бұрын қала тұрғындары ауада өткір иіс барын айтып шағымданды. Ал жауапты органдар 4 сағат өткесін ғана мәселені анықтауға кіріскен. Э

кология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхамедовтің мәліметінше, «Казгидромет» РМК АФ берген мәліметте бұл күндері 36 жоғары ластану және 2 экстремалды жоғары ластану тіркелген.

•⁠ ⁠Иіс қаланың сол жағындағы «Сасықсай» булану алаңынан шығуы мүмкін деп пайымдап отырмыз. Мұнда атмосфералық ауаны жоғары ластаушы ингредиент рұқсат етілген шекті концентрациядан 10 есе асқан. Оған қоса, 24 наурызда таңғы сағат 09:40-та «Привокзальный» атмосфералық ауа сапасын бақылау станциясы бойынша күкіртсутегінің рұқсат етілген шекті концентрациядан 97 есеге артық екені (экстремалды жоғары ластану) тіркелді,-деді Ә.Бекмұхамедов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT