Серік Шәпкенов шаруагерлермен кездесті

(0 Votes)

Облыс әкімі Серік Шәпкенов атыраулық фермерлердің басын қосып жиын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, салалық басқарма басшылары мен аудандардан шаруагерлер арнайы келіп қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. 60-қа жуық шаруа қожалығының өкілдері аймақ басшысына саладағы мәселелерді жеткізді. Төрт түлік өсіріп отырған атыраулықтарды
көктемгі егін науқанына дайындық, мал ауруларын алдын алу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жайылымдық жерлерді бөлу, ветеринариялық ахуалды тұрақтандыру, субсидияны бөлу тәртібі мен белгіленген лимит бойынша суды пайдалану және т.б. мәселер толғандырып отыр. Шаруагерлер кадр тапшылығын алға да тартты.

-Жастарды шаруашылық жұмыстарына тарту керек. Ата кәсіпті жалғастыру үшін дағдылар қалыптастырған жөн. Шопандарды ынталандыру мақсатында бірге жұмыс жүргізейік. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс. Сондықтан басты міндет – өңірді жергілікті азық-түлікпен қамтамасыз етуге барынша мүмкіндік жасау, - деді Серік Шәпкенов.

Жиында шаруалар дәстүрлі Малшылар слетін өткізуді ұсынды. Жалпы облыс бойынша тіркелген шаруашылық саны 3200. Бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған 2000 шаруа қожалығы бар. Оның 350-і егін шаруашылығымен, 1650-і мал шаруашылығымен айналысады.

Шаруагерлердің көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған облыс әкімі Серік Шәпкенов заң шеңберінде түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға болатынын айтты.

-Қай салада болмасын заң үстемдік ету керек. Бүгінгі кездесу соңғысы емес, әлі осы саладағы талай маңызды мәселені бірге талқылаймыз. Жұмыстың барлығын бірлесе отырып жасауымыз керек. Сонда ғана нәтиже шығады, - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасарларына және басқарма басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика