Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

(0 Votes)

Президенттің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын» делінген Президент жарлығында.

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде туған. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.

Еңбек жолы: 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.

2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.

2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы.

2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.

2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.

2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.

2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020). Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2020-2021).

2021 жылдың қаңтар айынан бері Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі болып қызмет атқарды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика