Сенатор ретінде атқарған қызметіме есеп бердім

(0 Votes)

Жайықты жағалай қоныстанған, іргелес орналасқан Махамбет және Индер аудандарында іс сапарда болдым.

Парламент Сенатының жұмысы, қабылданған заңдар жөнінде айтып, өңірден сайланған Сенатор ретінде атқарған қызметім туралы есеп бердім. Екі мәрте сенім білдіріп Сенат депутатына сайлағандары үшін екі аудан халқына, аудандық мәслихат депутаттарына ризашылығымды білдірдім.

Махамбет ауданындағы халық саны 35 786 адам. Он ауылдық округке қарайтын 23 ауылдық елді мекен бар. Экономикасы ауылшаруашылығына негізделген облыс орталығына ең жақын орналасқан, жинақы аудан.

Индер кезінде өндірісі мен ауылшаруашылығы қатар дамыған экономикасы қуатты өңір болатын. Бұл ауданның игерілмей тұрған байлығы мол, мүмкіндігі зор. Халқының саны - 33 100 адам, 7 ауылдық округ 13 елді мекені бар.

Екі аудан да Атырау - Орал жолының бойында орналасқан. Бұл жолды күрделі жөндеуден өткізу және Атырау облысында 1-ші санатты автомобиль жолын салу жөнінде тұрақты түрде көтеріп отырдық. Аталған жол құрылысы мемлекеттік бағдарламаға енді. Атырау мен Индер арасындағы жол төрт жолақты 1 санаттағы жол болады. Атырау - Орал - Ресей шекарасына дейін теміржол салу туралы Үкіметке депутаттық сұрау жолдап ұсыныс бергенмін. Бұл ұсыныс қолдау тапты.

sert

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнен келген жауапта теміржолды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу, оны мемлекеттік бағдарламаға енгізу жөнінде айтылған. Енді осы мәселені үнемі назарда ұстап, іске асуын бақылауға алу керек.

Индер халқы мектеп түлектерінің ҰБТ-ны ауданда тапсыруларына көмек жасауымды сұрап еді. Себебі оқушылар көршілес Махамбет ауданына барып тапсыратын. Бұл мәселені ҚР Білім және ғылым министрінің алдына қойып, ол оң шешілді. 2012 жылдан бері ҰБТ ауданда өткізіледі. Осы тоғыз жыл ішінде 2099 оқушы өз ауданында тапсырған, ол болашақта да жалғасын табады.

skep

Кездесулерден соң кәсіпкерлік нысандарына барып, кәсіпкерлермен сөйлестім. Азық-түлік дүкендерінде және дәріханаларда болдым.

Индер ауылындағы үлкен қауымда жерленген Қазақтың тұңғыш Бард ақыны Табылды Досымов бейітіне барып зиарат қылдым.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламент Сенат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521