Сенат депутаты ретіндегі жұмысым үлкен өмір мектебі болды

(0 Votes)

1 қыркүйек 2020 жыл Қазақстан Республикасы Парламенті өз жұмысын бастады. Палаталардың бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына кезекті жолдауын жариялады.

Сенатта осы жылы депутаттық өкілеттілік мерзімі аяқталатын Сенаторларды шығарып салу ұйымдастырылды.

Менің де Сенат депутаты ретіндегі өкілеттік мерзімім осы жылы аяқталады.

Алдымен маған сенім артып екі мәрте Сенат депутаттығына ұсынып сайлаған халқыма, Атырау тұрғындары мен мәслихат депутаттарына шексіз ризашылығымды білдіремін. Қызмет бабымен іс сапарларда бірге болып қолдау білдірген жергілікті және орталық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне рахмет айтамын.

Мен 2008 жылы 4 қазанда Сенат депутаты болып сайланып 9 желтоқсанда жұмысқа кірістім. Бұл қасиетті Құрбан айт мейрамының үшінші күні болатын. Осы күннен бастап 11 жыл 7 ай жәнк 29 күн Сенатор мәртебесінде жұмыс жасадым.

Сенаторлық үлкен мәртебе сонымен бірге аса жоғары жауапкершілік. Заң шығару жан-жақты білімді, ізденіс пен шыдамды, табандылық пен талапты қажет ететін арытар жүгі ауыр қызмет.

Бұның үстіне өңірден сайланған Сенатор өз аймағының өкілі ретінде оның экономикалық-әлеуметтік және рухани-мәдени дамуына, оның түйткіл мәселелерін шешуге белсене араласуы тиіс.

Осы жылдар аралығында бар білімім мен тәжірибемді Ұлттың мүддесі мен Елдің болашағы жолында адал атқаруға жұмсадым. Мен үшін Сенат депутаты ретіндегі жұмысым үлкен өмір мектебі болды. Бүгін Сенаторлық қызметімді қорытындылай отырып Халқыма, жерлестеріме тағы да қайталап ризашылығымды жеткізуді жөн көріп отырмын.

Сіздердің тараптарыңыздан айтылған ұсыныстар мен өтініштеріңіздің кейбірінің шешімі табылмай, маған артқан сенімдеріңізден шыға алмаған жерім болса кешірім сұраймын.

Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке-бірлік, істеріңізге сәттілік тілеймін. Елдің еңсесі биіктеп, халқымыздың мәртебесі өсе берсін ! Аман сау болайық!

Құрметпен Сәрсенбай Еңсегенов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521