Саясаттанушы Талғат Қалиев кіші, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ғиамараттарда оқытуды ұсынды

(0 Votes)

Саясаттанушының пікірінше, соңғы кезде жасөспірімдердің арасындағы топ-топ болып төбелесу фактілерінің көбеюіне назар аударуымыз керек.   

"Басқа-басқа бала бір-бірімен бала болып ойнайтын кезде, керісінше бірін-бірі  жау көріп, төбелеске бейім тұруы –ойланарлық мәселе. Бұл мәселені шешу –  бір мектептің  ғана құзырындағы  жағдай емес,  жан-жақты  зерттеп-зерделуді қажет ететін күрделі жұмыс. Мектептің психологтарын бірінші кезекте аттестациядан өткізу керек. Бұл мәселені шешу үшін меніңше, мектепте кіші, орта және жоғары сыныптарды бөлек ғимараттарда бөліп оқыту керек. Дүниежүзінің тәжірибесінде мұндай бөліп оқыту бар. Бала деген  замандас-қатарластарымен ғана өседі, бір-бірінен үйренеді" деді саясаттанушы,  Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT