Сауалнама: Ел дамуына еңбек етеміз

(0 Votes)

«Ұлт­тық мерекелер мен атау­лы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгіз­ген жөн. Мен Рес­пуб­лика күніне ұлттық мереке мәрте­бесін қайта­руды ұсынамын. Сон­дықтан қазан­ның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретін­де атап өтуі­міз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемен­дігі туралы декларация қабыл­данды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жо­лындағы тұңғыш қадамы болатын», деп Ұлытау төрінде өткен Ұлт­тық құрылтайдың алғашқы оты­рысында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін бекіткен болатын.

25 қазан Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде алғаш рет аталып өтеді. Он үш жыл бойы ұмыт қалған Республика күні жаңа белеспен қайта оралды. Дәл осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан егемендіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағына жол басты. Мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Біздің еліміздің өрлеп,дамуына жол бастайтын Ұлттық мереке ең елеулі күннің бірі де бірегейі. Айту күн Қазақ­стан­ тәуелсіздігінің іргета­сы саналады. Ұлттық мерекенің мән-мағынасы қаншалықты ашылуда?  Республика күнінің тойлануына сала өкілдерінің көз қарасы қандай?

Шынар Махсутова,аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры: Бұл күн-ата-бабамыз аңсаған арманның орындалған, елімізге еркіндік сыйлаған күн. Осындай маңызы бар тарихи күннің еліміз үшін  орны бөлек. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында бұл датаның өзектілігі сол 13 жылдан соң қайта бекітіліп, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамнының символы болып табылады. Ұлттық мерекеде қазақ халқының достығы, жеткен жетістігі ұлттық мүддесі насихатталуы керек деп ойлаймын.Осы тарихи маңызды қадам арқылы мемлкетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылығына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолына қадам басты. Біз ел тәуелсіздігін баянды етуге, ел игілігіне абыройлы еңбек етуге парыздармыз. Мереке құтты болсын!

Венера Мухитова ,аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы: Республика күні - Ұлттық мереке! 1990 жылы 25 қазан күні Қазақстан Республикасы Егемендігінің Декларациясы жарияланды. Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің алғашқы негізгі құжаты болып табылады. Тәуелсіз ел, республика болу жолындағы бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің қайсарлығы, ерен еңбектерін ескеру осы Республика күнінде тағы бір мәрте еске алынып, еленеді деп ойлаймын.  Сондықтан, еліміздің Тәуелсіздікті қайта алу тарихының бастамасы болған ұлттық мереке ұзағынан болсын деп тілеймін!

Жансая Мұратқызы,  аудандық жастар ресурстық орталық маманы:  Республика күні жоғары деңгейде аталып өтілуі керек деп ойлаймын. Себебі,  ғасырлар бойы аңсаған егемендікке дәл осы күні жетті. 1991 жылы алған тәуелсіздігіміз 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасын еріксіз еске түсіреді. Ол күн – аза тұту күні десек,  тәуелсіздік алуға үлес қосқан батырларымызды ұлықтайтын күн. Меніңше, Республика күні егемендігімізді, тарихымызды ұрпақтың санасынан жойып алмау үшін аса маңызды. Алғаш рет дәл осы күні біз өзімізді республика ретінде әлемге таныта бастадық. Жастардың айтулы күннің өзектілігін ұғынуы керек деп ойлаймын.

Бағдат Абдуллин, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,азаматтық қорғау подполковнигі: Республика күнінің мемлекеттік деңгейде, елімізде тұратын барша ұлт пен ұлысқа ортақ мереке ретінде тойлануы – халқымыздың бойына қуат, жүзіне қуаныш сыйлаған оң шешім деп санаймын. Егеменді еліміздің отансүйгіш жастарының өсіп-өркендеу жолында бұл күн үлкен қадамның бірі. Бұл күннің қажеттілігі мемлекетіміз үшін зор деп санаймын. Жүрегінде Отанға деген махаббаты бар әр азамат үшін бұл айтулы күн. Қайта оралған ұлттық мерекенің мәртебесі қашан да биік. Бүгінде еліміз– көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, төл теңгесі мен  отансүйгіш халқымен мәртебесі беделді мемлекет.Осындай маңызы бар тарихи мерекеде еліміздің мерейі асқақтап, көк байрағымыз желбірей берсін.

Айбол Жолдасов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:  Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Бұл – қазақ тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы деп білем. Бұл күннің маңызы мен өзектілігін әсіресе  өскелең ұрпақтың ұғынуы аса маңызды. Еліміздің келешегі үшін жасалған маңызды қадамның бірі. Жастардың санасы мен жүрегінде Отанымызға деген адалдық пен қайсарлықтың болуы да осындай тарихи маңызды оқиғалардан бастау алады. Біз егеменді еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігін  бағалап, еліміздің дамуына аянбайеңбек етуіміз қажет.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521