Сарайшық ауылында өр суының қатты ағыспен келуі салдарынан, елді мекеннен 2 шақырымдай қашықтықта орналасқан мазарға су кірді.
Айта кету керек, өр суы зират сыртынан соғылған балдан өтіп кеткен. Сондықтан, балды қосымша бекіту жұмыстары жүруде. Оқиға орнында 14 камаз, 3 шахман, 1 гидромек техникасы бар. 20 сарбазды қоса алғанда, бөгет соғуға 50 адам қатысып жатыр.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы