Су адам өміріндегі ең қажетті зат болып табылады. Су адам ағзасында минериалды заттарды, дәрумендерді қорытып, әр түрлі үрдістерге қатысады.
Судың құрамындағы химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы, жетіспеушілігі немесе шамадан тыс көп болуы, фтордың жетіспеушілігі де адам ағзасындағы қалыпты жағдайды бұзады. Біздің күнделікті пайдаланып отырған суымыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген «Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту» туралы нормативке сәйкес болуы қажет. Аталған гигиеналық нормативте ауыз су құбырларында дайындалған судың сапасы нормативтік көрсеткіштерге сәйкес болуы керек. Су тазарту қондырғыларында санитариялық қағидалар талаптарының сақталуы, тұрғындар арасында су арқылы жұғатын жұқпалы өткір ішек ауруларының алдын-алу шараларын жүргізу, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз жасау, жаңадан іске қосылып жатырған су тазарту қондырғыларындағы мембранды технологиялық тазарту қондырғыларының үздіксіз жұмыс жасауы және санитариялық қағидалар талаптарының сақталуы басты назарда болу қажет. Барлық су тазарту қондырғыларында өндірістік зертханамен дайындалған суға микробиологиялық және химиялық зерттеулер жүргізілуі қажет. Су құбыры желілірінде жуу, дезинфекциялау жұмыстары талапқа сәйкес жүргізіліп отыруы қажет. Су тазарту қондырғыларының қызметкерлері арнайы киіммен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтеді және жұмысқа рұқсат алу қажет. 2023жылдың 9 айында барлық су тазарту қондырғыларынан микробиологиялық зертханаға алынған 79 су сынамасының 9-нан (11,3%) жалпы микробтық көрсеткіш бойынша сәйкессіздік анықталса, химиялық зертханаға алынған 79 су сынамасының 9-нан (11,3%) түсі, лайлылығы бойынша сәйкессіздік анықталды.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша, сенімгерлік басқарушы иелеріне су тазарту қондырғылары желілеріне жуу, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жөнінде 4 хат жолданып, аталған жұмыстар атқарылды. Су тазарту қондырғыларының санитариялық-техникалық жағдайы жөнінде аудан әкімшілігіне 2023жылдың 9 айында 9 хабарлама жолданды.
Б.В. Абилова,
Құрманғазы аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы