" Адалдық алаңы" аясында ұйымдастырылған онлайн конференцияға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ашылған Атырау облысындағы «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелері мен жетекшілері қатынасты.
Қазіргі таңда Атырауда ЖОО және колледждерде 24 "Саналы ұрпақ" клубы жұмыс жасайды, оның құрамында 1545 мүше бар. Ал, мектеп белсенділерінің басын біріктірген "Адал ұрпақ" клубында 3051 мүше тіркелген.
Конференцияны өткізудегі басты мақсат - жас ұрпақтың азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңірек білім алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Конференцияға арнайы шақырылған «Саналы ұрпақ» республикалық кеңсесінің басшысы Тоқушев Қайыржан Ахметбекұлының «Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және оқу орнында академиялық адалдық қағидатын енгізу» тақырыбы бойынша баяндамасы тыңдалды.
Келесі сөз кезегін алған спикер Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы жастарды адалдық пен адалдыққа тәрбиелеу - қазіргі заманғы білім берудің, әрбір азаматтың, өскелең ұрпақтың тұлғасында құрметті қоғамды қалыптастырудың басым міндеттерінің бір екендігін, «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ерекше орын алатынын, олардың мақсаты мектеп оқушылары мен студент жастарда адалдық, әдептілік, патриоттық сияқты құндылықтарды қалыптастыру болып табылатынын айтып өтті.
Конференция барысында С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Саналы ұрпақ» ұйымының жетекшісі Шагирова Жұлдыз, Қ.Дүтбаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Қайырбек Мирас адалдық, әдептілік, патриоттық сияқты құндылықтарды дәріптер туралы өз ойларын ортаға салды.
А.Адиева: "Бұл конференция «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының шеңберінде жастармен жұмыс жасауда ерекше маңызды, бұл мектеп оқушыларының, студенттердің, тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының жас буынының сыбайлас жемқорлыққа қарсы позициясын қамтамасыз етудің үлгісі екенін айқындады".
"Атырау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі