Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 18 шілдеде еліміздің жаңа Салық кодексіне қол қойды. Ол бойынша алдағы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған құжат күшіне енетін болады.
Жаңа кодекс салық жүйесін жеңілдетумен шектелмей, салық салудың тұтастай жаңа қағидаттарын енгізуге бағытталып отыр. Жаңа Салық кодексі елімізде салық салу жүйесін түбегейлі реформалауды, салықтық әкімшіліктендіруді жеңілдетуді көздейді. Кодекс жеке тұлғалардың салық салу жүйесіне, салықтарды төлеу ережелеріне және берешекті өндіріп алу шараларына ауқымды өзгерістер енгізеді. Салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуді көздейді.
Ең маңызды жаңалықтардың бірі — жеке табыс салығында прогрессивті салық шкаласының енгізілуі. Жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің 8 500 есесіне дейінгі жеке тұлғалар 10% мөлшерлемемен салық төлейді, ал одан асқан табыстарға 15% мөлшерлеме қолданылады. Бұл өзгеріс салық әділдігін арттыруға және төмен табысты азаматтарға түсетін салықтық жүктемені азайтады.
Жеке тұлғалардың табыстары
|
8500 АЕК-ке дейін |
10% |
|
8500 АЕК-тен жоғары (35096500 тенге) |
Салық салынатын кірістен 8500 АЕК мөлшеріндегі салық сомасы +одан асатын сомадан 15% |
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табыстары - 9%
Дивиденттер
|
230 000 АЕК-ке дейін |
5% |
|
230 000 АЕК-тен жоғары (949 670 000 теңге)
|
салынатын кірістен 230 000 АЕК мөлшеріндегі салық сомасы + одан асатын сомадан 15% |
Дара кəсіпкердің, шаруа немесе фермер қожалығының табыстары
|
230 000 АЕК-ке дейін |
10% |
|
230 000 АЕК-тен жоғары (949 670 000 теңге) |
салық салынатын кірістен 230 000 АЕК мөлшеріндегі салық сомасы + одан асатын сомадан 15% |
Сонымен қатар, жеке тұлғалар табысынан алынатын шегерімдер бөлімі толық қайта қаралды. «Жеке салықтық шегерім» ұғымы енгізілді.
Шегерімдер түрлері:
- Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім; (міндетті зейнетақы жарналары; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын əлеуметтік аударымдар);
- Базалық салықтық шегерім — 30 АЕК ай сайын (жылына 360 АЕК шектік мөлшер);
Жаңа шегерімдер жүйесінде маңыздысы — базалық шегерімнің 30 АЕК-ке дейін ұлғаюы. Бұл табыс салығын есептеу базасын төмендетеді, ал салық сомасы азаяды. Демек, жұмыскердің қолына алатын жалақысы көбейеді.Басқа шегерімдер мен 90% түзету алынып тасталды.
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер:
*1 және 2 топ мүгедектері – 5 000 АЕК;
*төмендегі тұлғаларға 882АЕК
III топтағы мүгедектігі бар адам;
-мүгедектігі бар бала;
-Ұлы Отан соғысына қатысушы, оларға теңестірілген адам жəне басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;
-ҰОС ж.тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталған адам;
-1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) жəне ҰОС ж. тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен жəне медальдарымен наградталмаған адам;
-он сегіз жасқа толғанға дейін əрбір мүгедектігі бар бала үшін - осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
-өмір бойына əрбір «бала кезінен мүгедектігі бар адам» деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін - адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
-асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін əрбір бала асырап алушы үшін - осындай адамдардың бірі;
-жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған əрбір ата-ана үшін - осындай адамдардың біріне қолданылады.
Арнаулы салық режимі
Қазіргі уақытта жеті арнаулы салық режимі (АСР) қолданыста болса, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде олардың саны үшке дейін қысқарады, олар
*өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР — патент пен мобильді қолданба қолданып жүрген режимдерді біріктіреді
*оңайлатылған декларация негізіндегі АСР — қолданыстағы оңайлатылған режим мен бөлшек салық АСР-ды біріктіреді
*шаруа және фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР өзгеріссіз қалады
1.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін кімдер қолдана алады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды ҚР азаматтары мен қандастар, соның ішінде қазіргі кезде патент негізінде жұмыс істеп жүргендер де қолдана алады.
Шарттары:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі;
- жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбауы;
- рұқсат етілген қызмет түрлерін атқаруы;
-айлық табысы 300 АЕК-тен аспауы (2026 ж. шамамен 1,3 млн тг).
Ерекшелігі: Жеке табыс салығын төлеуден және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден босатылады. Тек табыстан 4% әлеуметтік төлемдер төленеді (БЖЗҚ, МЗЖ, СО, МӘМС – әрқайсысы 1%)
- Салық төлеушілердің жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолдану шарттары:
Жаңа Салық кодексінде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін:
кіріс шегі сақталады - 600 мың АЕК-ке дейін (шамамен 2,5 млрд тг); жұмыскерлер санына қойылған шектеу алынып тасталады;
режим барлық қызмет түрлеріне қолданылады (Үкімет белгілеген тыйым салынғандардан басқа);
салық мөлшерлемесі (КТС/ЖТС) — 4%, мәслихаттарға оны ±50% өзгерту құқығы беріледі;
жылдық кіріс 24 мың АЕК-тен (шамамен 100 млн тг) асқанда, салық салынатын табысты еңбекақы қоры есебінен азайтуға болады.
Ерекшелігі: Бұл режимді қолданушылар КҚС пен әлеуметтік салық төлемейді.
- Шаруа немесе фермер кожалыктары(шаруа кожалыктары) үшін АСР режимінің артыкшылығы
Шаруа немесе фермер кожалыктары үшін АСР режимінін артыкшылыктары:
-жер салығы/жерді пайдаланғаны үшін төлем, ауыл шаруашылығықызметінде колданылатын көлік және мүлік салығы, ҚҚС, қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем, әлеуметтік салыктар мен төлемдерден босатылады.
-Жеке табыс салығы мөлшерлемесі — табыстан бар болганы 0,5%.
-Декларация жылына 1 рет тапсырылады.
-Салык жылына 2 рет төленеді.
10 карашаға дейін (1 кантардан 1 казанга дейінгі кезен үшін)
келесі жылдын 10 сәуіріне дейін(1 казаннан 31 желтоксанға дейінгі кезеңүшін).
Бұл кесте аграрлык циклді ескеріп жасалған — өнім жинау және оны өткізу мерзімдерімен сәйкес келеді.
- Алдағы жылы арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер жаңа режимдерге қалай көшеді?
Арнайы салық режимдеріне өтуді жеңілдету үшін жаңа Салық кодексінде өтпелі ережелер көзделген:
-тек интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін ЖК автоматты түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге ауыстырылады;
-арнайы қосымшаны пайдаланатын патент негізіндегі жеке кәсіпкерлер шарттарды сақтаған жағдайда жеке кәсіпкер есебінен шығып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге көшуі тиіс;
-шаруа фермер қожалықтары автоматты түрде ШФҚ-ға арналған режимге ауыстырылады;
-қалған салық төлеушілер таңдаған режим туралы хабарлама тапсырады.
Салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін жаңа режим таңдап, мемлекетке қабылдаған шешімі туралы хабарламаны ұсынуы қажет. Егер хабарлама берілмесе, олар автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге (ЖБР) ауысады.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша негізгі өзгерістер
ҚҚС мөлшерлемесі
- Негізгі мөлшерлеме (айналымдар мен импорттар)16 % деңгейінде бекітілді.
- Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылған:
–2026 жылдан бастап 5 %
– 2027 жылдан бастап 10 % - отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшеріне 10% төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді
ҚҚС босатылатындар
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды өткізу және импорттау;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін медициналық қызметтер көрсету
- ішкі туризм бойынша туроператордың қызметтері (қазір тек кіру туризмі ҚҚС-тан босатылады);
- отандық басылымның кітаптары, баспа түрінде кітаптар шығару бойынша қызметтер,
- археологиялықжұмыстар.
Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою
1) ерікті түрде қою;
2) міндетті түрде қою;
3) шарттты түрде қою түрінде жүзеге асырылады.
Салық төлеушінің тіркеу есебіне қоюға:
1) мемлекеттік мекеме;
2) резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
5) жеке тұлға жатпайды.
Міндетті тіркеу шегі (айналымның шекті шегі )- 10 000 АЕК.
Салықтық өтініш айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Тіркеу есебінен шығару:
1) салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;
2) салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде.
Корпоративтік табыс салығы (КТС)бойынша өзгерістер
Корпоративтік табыс салығының негізгі мөлшерлемесі 20 % деңгейінде сақталады
Банктер мен құмар ойын бизнесі үшін — 25 % (бизнесті несиелеуді қоспағанда)
Әлеуметтік сала (білім беру, медицина) ұйымдары үшін:
2026 жылы — 5 %
2027 жылдан бастап — 10 %
Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеңілдетілген 3 % мөлшерлеме сақталады
Ауыл шаруашылығы кооперативтері – 6%
Аванстық төлемдер
Аванстық төлемдер бойынша шек 350 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды
Декларация тапсырылғанға дейін аванстық төлемдер бойынша есеп алынып тасталды.
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптегі режимде АСР қолданушылармен өзара есеп айырысу кезінде шығыстарды корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдерге тыйым салынады.Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілермен өзара есеп айырысулар бойынша шығыстарды КТС-қа шегерімге жатқызуға тыйым салу — контрагенттердің теріс пайдалануын болдырмау мақсатында енгізілді. Мұндай теріс пайдалану жағдайлары:
-шығыстарды жасанды түрде ұлғайту арқылы салықтық міндеттемелерді азайту;
-жеткізу тізбектерін немесе жалған мәмілелерді пайдалану
Әлеуметтік салық бойынша өзгерістер
6% мөлшерлемені белгілей отырып, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы алынып тасталды.
- Өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, қайта өңдеу жəне осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу қызметтерін жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша 1,8% мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық есептеледі.
- Әлеуметтік салық төлеушілер болып табылатын дара кəсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар:
өздері үшін – 2 АЕК;
əрбір жұмыскер үшін - 1 АЕК.
- Шаруа немесе фермер қожалықтары əлеуметтік салықты:
өздері үшін – 0,6 АЕК;
əрбір жұмыскер үшін - 0,3 АЕК.
Қымбат тауарларға жоғары салық салу
Құны жоғары тауарлардың жекелеген санаттарына акциз салығы енгізіледі:
- Құны 75 млн т-ден асатын автокөліктер
• Құны 100 млн т-ден асатын яхталар мен катерлер
• Литрі 500 мың т-ден қымбат алкоголь өнімдері
• Бір данасы 10 мың т-ден асатын сигаралар
• Жалпы құны 450 млн т-ден асатын жылжымайтын мүлікке мүлік салығы жоғары мөлшерлеме бойынша есептеледі
Аталған барлық санаттар үшін акциз мөлшерлемесі 10 % деңгейінде белгіленеді.
«Меншікке» салынатын салық бойынша өзгерістер
- Көлік құралдарына салынатын салық
- Пайдалану мерзімі 10 жылдан асса, түзету коэффициенті – 0,7,
20 жылдан асса түзету коэффициенті – 0,5 қолданылады.
- Шаруа фермер қожалықтары бір пикап көлігі бойынша көлік салығын төлеуден босатылды.
- Көлік құралының түріне қарай көлік құралдарының санаттарына жатқызу бойынша норма алынып тасталды (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар). Енді көлік құралын басқару құқығы санатына қарай (А.В.С.D) көлік құралдарының санатын айқындау қарастылған.
- 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе Қазақстанның аумағына әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлемелер алынып тасталды.
Заңды тұлғалар үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.
- Жер салығы
- Ағымдағы төлемдердің есебі (салық есептілігі) алынып тасталды.
- Қала аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша салық есептеу нақтыланды.
- Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша салықтың базалық ставкалары 40 есеге ұлғайтылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.
- Мүлік салығы
- Міндеттемелер сомасы 300 АЕК-тен аспаса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі тапсырылмайды.
- Ғимараттар, құрылыстар бойынша салық базасы мүлікті қайта бағалауды ескере отырып, бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны болып табылады.
Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау әрбір үш жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.
Егер міндеттемелер сомасы 300 АЕК-тен аспаса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі тапсырылмайды. Бұл салық төлеуші тек жылдың қорытындысы бойынша декларацияны тапсырады және тиісінше төлемді жүргізеді.
Төлемақылар
- Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы алынып тасталды (алкоголь өнімдерін сату, ойын бизнесі).
- Өрттерден өткен учаскелерде ағаш кесуді жүзеге асырғанда, мұндай өрттердің ауданы 100 гектардан асса, орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылды.
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
- қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланшылар бойынша ставкалар блоктардың санына және барлау кезеңіне байланысты;
- мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 40 есеге дейін ұлғайтылды.
- Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
- төлеушілер - сыртқы жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы жарнама орналастырылатын ғимараттардың (құрылыстардың) меншік иелері;
- мәслихаттар төлемақы мөлшерлемесін төмендете немесе ұлғайта алады:
облыстарда 50 пайыздан 100 пайызға дейін;
республикалық маңызы бар қалаларда 50 пайыздан 200 пайызға дейін.
Салық есептілігі
Салық есептілігінің нысандары 30%- ға қысқарады.
- жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі жойылды;
- салық сомасы 1 млн теңгеден кем болған кезде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі жойылды;
- арнаулы салық режимі және ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру жүзеге асырылады;
- салық есептілігі белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, мұндай есептілігі «0»-дік көрсеткішпен ұсынылған болып есептеледі. Салық төлеуші осы салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсына алады;
- салық есептілігін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жойылады;
- салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту мен кері қайтарып алу қарастырылмаған. Барлық өзгерістер қосымша декларациялар арқылы жүзеге асырылады.
Салықтарды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу)
Салықтарды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) уәкілетті орган бекіткен критерийлерге сәйкес келетін салық төлеушілер үшін (еңбек өтілінің болуы, негізгі құралдардың және қызметкерлердің болуы және т.б.) кепілді мүліксіз және банк кепілісіз бөліп төлеуге мүмкіндік берумен толықтырылды.Деңгейлес мониторингке қатысушыға кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мүлік кепілінсіз және банктік кепілдіксіз беріледі.
Өнім өндіруге арналған тауарлар (шикізат) бойынша импортқа ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру көзделген.
* Осындай қайта өңдеу кезінде алынған өнімді өндіруге арналған Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбелерін уәкілетті орган бекітеді.
Камералдық бақылау
Камералдық бақылау енді ескерту сипатында жүргізіледі.Бақылау бұзушылықтарды анықтаудан алшақтықтарды анықтауға қайта бағытталды.
Камералдық бақылаудың мақсаты - салық төлеушіге (салық агентіне) салықтар мен бюджетке төлемдерді есептеу бойынша салық міндеттемелерін дербес түзету құқығын беру.
Хабарламаны орындау жолдары:
- алшақтықтар расталған жағдайда салық есептілігін ұсыну;
- алшақтықтармен келіспеген жағдайда - түсініктеме беру.
Түсініктеме берілмеген жағдайда банк шоттары бойынша шағыс операцияларын тоқтата тұру, ЭШФ жазылуын тоқтату тұру жүргізілетін болады.
Салықтық тексерулер
Жоспарлы тексерулер алынып тасталады.
ШОБ субъектісін салықтық тексеру барысында құжаттарды ұсыну туралы талап тек 2 рет табыс етіледі
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тексеру жүргізудің жалпы мерзімін 180 күнтізбелік күнге дейін шектеу белгіленген
Салық органының қызметкерлері тексерілетін салық төлеушімен электрондық тәсілмен салық төлеушінің кабинеті арқылы әрекет етеді (салықтық тексеру құжаттарын, түсіндірмелерді, тексеру актісі мен хабарламасын веб-портал арқылы электрондық тәсілмен тапсыру мүмкіндігі енгізіледі)
Нұсқама қолма-қол табыс етіледі
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шаралары
Барлық салық төлеушілер үшін - өсімпұлды есептеуде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне1,25 еселенген мөлшері қолданылады.Деңгейлес мониторингке қатысушы үшін - 0,65 еселенген мөлшері қолданылады.
Салықтық берешектің мөлшері 20 АЕК-ке дейін - хабарлама жолданып, өсімпұл есептеледі;
Салықтық берешектің мөлшері 20-дан 45 АЕК-ке дейін - хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеліп, шоттарды бұғаттау және инкассалық өкімдер шығарылады;
Салықтық берешектің мөлшері 45 АЕК-тен астам - мүлікке тыйым салуды, дебиторлардан өндіріп алуды қоса алғанда, барлық өндіріп алу шаралары жасалады;
27 000 АЕК-тен астам - шет елге шығуға тыйым салынады (сот шешімі бойынша 3 айдан астам берешек өтелмеген жағдайда).
Тәуекел дәрежесін есепке алмай, әлеуметтік төлемдер бойынша 6 АЕК-тен астам мөлшердегі берешекті өндіріп алу қарастырылған.
Екі ай қатарынан 2500 АЕК мөлшеріндегі салық берешегі болса, борышкердің банк шоттары бойынша қаражаттың қозғалысы туралы мәліметті ұсыну қарастырылған.
Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілдері:
өсімпұлды есептеу;
шығыс операцияларын тоқтата тұру;
мүлікке билік етуді шектеу;
ЭШФ жазып беруді тоқтата тұру;
шетелдік компанияның интернет-ресурстарына немесе интернет алаңына кіруді Республика аумағында шектеу.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңартылған Салық Кодексінің мақсаты шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беретін икемді әрі әділетті модель қалыптастыру.
Сонымен, не жеңілдетілді
- Салық есептілігінің көлемі 30 % қысқартылды
• Салық түрлері 20 % азайтылды
• Салықтық жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылды
• Салық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері енгізілді
• Берешекті өндіріп алу және төлем мерзімін кейінге шегеру тәртібі қайта қаралды
Енді салық жүйесі бизнеске де, жеке тұлғаларға да анағұрлым түсінікті және ашық болады.
Баян ҚУАНШАЛИЕВА,
аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

