Сахна өнеріне құштар жастар көп болуы тиіс

(0 Votes)
Өзінің үш жылдық жұмысында Ұлттық құрылтай қоғамды нығайтуға бағытталған идеяларды ұсынумен ерекшеленді. Сол арқылы стратегиялық қадамдарды әзірлейтін негізгі институт ретінде қалыптасты. Оның дамуы мен нақты бастамаларды жүзеге асыруы өзектілігін дәлелдеді. Алдағы уақытта Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Алаш баласы үшін қасиетті мекен – Сыр өңірінде өтетін болып шешілді. Былтыр Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Республикасында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берілген болатын. Осылайша елімізде атаулы күндердің тізбесі тағы бір мерекемен толықты. 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. 

Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда да мәдениет саласына қатысты тың бастамалар айтылды. Мәселен, қазақ тіліндегі анимацияны дамыту. Бұл құптарлық бастама, себебі бала тілі мен ойын дамытуда мультфильмнің алар орны ерекше. Сондықтан балаларға арналған өнімнің қазақ тілін де жарық көруі маңызды деп ойлаймын. Мемлекет басшысы «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильмді мысалға келтірді. Оны өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп бағалады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильм көп болуы қажет. Сонымен қатар Президент Тәуелсіздік жылдарында мәдениет саласында атқарылған ауқымды істерді атады. Кейінгі жылдары классикалық және заманауи музыкаға арналған сәулетті ғимараттар салынып, көптеген театр ашылды. Өнерге қызығушылық жоғары, көрермен залдары толы, премьералар мен спектакльдерге билет екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Мемлекет басшысы сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы жетістік екенін жеткізді.

Гауһария Төкестаева,
мәдениет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT