«Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталарын айналымға шығару туралы

(0 Votes)
https://www.nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2022 жылғы 21 желтоқсанда «Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталарын айналымға шығарады.

«Сақ стилі» монета бағдарламасының идеясы Қазақстан халқын монеталар коллекциясын жинауға белсенді түрде тарту, мәдени-тарихи және ағартушылық құндылықтарды алға тарту, сондай-ақ отандық монета өндірісін танымал ету болып табылады.

Сақ стилі – Еуразия даласының кейінгі қола және ерте темір дәуірі мәдениетіндегі жануарлардың бейнелерін орындаудың ерекше тәсілі.

«Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталары туралы

Номиналы 100 теңгелік, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм болатын әр түрдің 1 000 000 (бір миллион) данасымен, жалпы таралымы 5 миллион данамен uncirculated дайындау сапасымен нибрасс/нейзильбер қорытпасынан жасалған айналымдағы биколорлы монеталардың бес түрі.

  1. «Бұғы». Жалаулы көмбесі. Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғғ.). Көшпенділердің дүниетанымындағы бұғы – төменгі және  жоғарғы  әлемдерді  біріктіретін  символ.
  2. «Қанатты барыс». Есік қорғаны (біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғ. соңы). Қар барысы – ерлік пен байлықтың символы.
  1. «Маска».  Шілікті.  Шығыс Қазақстан (біздің  дәуірімізге  дейінгі  VIII–VII  ғғ.)  Отбасы – ошақ қасын қорғайтын үш кескіннің бейнесі – мысық тектес жыртқыш, екі арқар және ұшатын құс маскасы.
  1. «Бұғы түріндегі алтын әшекей», Жалаулы, Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V–III ғғ.). Қызыл бұғы бейнесі – молшылық пен ұрпақ жалғастығының символы.
  2. «Бүктетілген барыс». Талды-2. Орталық Қазақстан (біздің дәуірімізге дейінгі VII ғ.). Бүктетілген барыс фигурасындағы сақина пішіні – уақыттың ауысымдық және сыртқы әлеммен үйлесімділік символы.

Бұл монеталар айналымға тек екінші деңгейдегі банктер арқылы шығарылады. Кейін айналымдағы монеталармен бірге қолма-қол ақша түрінде пайдаланылады. Бұл «Сақ стилі» сериясындағы монеталар – заңды төлем құралы және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, яғни, тауар алғанда және белгілі бір қызмет үшін төлем құралы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуы және аударылуы, ұсақталуы және айырбасталуы тиіс.

Монеталардың техникалық және нақты өлшемдері (массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл қорытпасы) өзгеріссіз сақталған. Техникалық сипаттамалары жағынан олар номиналы 100 теңгелік монеталарға толығымен сәйкес келеді. Сол себепті «Сақ стилі» монеталарын қабылдау үшін төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.

«Сақ стилі» монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

 Атырау филиалының қолма-қол ақшамен

                                      жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521