С.Шәпкенов: биыл 267 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Фото: ortcom_kz
(0 Votes)

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 1,8%-ға артты. Салаға тартылған инвестиция көлемі 4 есеге артып, 4 млрд теңгені құрады. 199 тонна егін жиналды, 4,8 млрд теңге субсидия төленді, деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның мәліметінше, биыл облыс көлемінде 224 мың гектарды құрайтын 267 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Былтыр 210 мың га жер қайтарылған, оның 40 мың га елді мекендердің аймағында орналасқан жайылымдық жерлер. Бұл жұмыс жалғасын табады.

«Облыста 600 мың тонна мал азығы дайындалды. Су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік алқаптарының ішінде жаңбырлатып суару көлемі 2 мың гектарға дейін ұлғайды, бұл мал азығы дақылдарын бірнеше рет егу кезінде 1 гектар жерден 55 центнер өнім алуға мүмкіндік береді», - деді өңір басшысы.

@ortcom_kz #CCS

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT