Көктем кезінде елді мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың тұтану жағдайлары көп кездеседі. Осындай жағдайлар әдетте тазалық жұмыстары кезінде орын алады. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі Ережелерінің талаптарына сәйкес қоқысты жағу, тек ашық аумақтарда, желсіз күндерде түрлі ғимараттар, құрылымдар және сақталған материалдардан 50 метр қашықтығында және алғашқы өрт сөндіру құралдарды (өрт сөндіргіш, су) бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөп пен жапырақтардан тазалануы керек.
Қоқыс тек күндізгі уақытта тұрақты бақылау болған жағдайда ғана өртеледі. Болған соң орны су құйылып мұқият өшірілуі тиіс.
Осындай жұмыстар кезінде абайсызда орын алған апат айналаңыздағы қаншама затқа орасан зиян әкелетінін түсінгеніңіз абзал. Өрт салдарынан адам өміріне де қауіп әкелетінін ескеріңіз. Табиғат аясында демалғанда ашық отты пайдалану кезінде аса сақ болыңыздар.
Егер, жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 336-бабына сәйкес жеке тұлғалар мен орта және ірі кәсіпкерлік иелері айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ақгүл ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі