Өрттен нәресте көз жұмды

(0 Votes)

18 ақпанға қараған түні Қызылордадағы Қызылжарма шағынауданында үй өртенді. Өрттен нәресте көз жұмды.

Өрттің себептері анықталып жатыр. Өрт шыққан кезде үйде бес адам болған. Анасы төрт баласымен көшеге шығып үлгерді. Сәби іште қалған. «Уақытша лашықтағы өрт туралы хабарлама өрт сөндіру бөліміне сағат 00:50-де түсті. Біздің қызметкерлер оқиға орнына келген кезде ғимарат өртке оранған. 2020 жылы туған баланың өртенген денесі табылды. Үйде төрт қыз және олардың анасы болған. Отағасы іссапарда болған. Анасы олардың төртеуін аман алып қалды», – дейді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.  

Ережепованың айтуынша, 2018 жылы туған қызы мен анасын күйік шалған. Қалған балалар зардап шеккен жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр. 

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521