Өрт сөндірушілердің айлығы 40 пайыз көтеріледі

(0 Votes)

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында келер жылдан бастап өрт сөндірушілердің айлығы өсуі мүмкін екенін айтты.

«Қазір өрт сөндірушілердің орташа жалақысы қанша және қашан көтеріледі?» - деп сұрады журналистер министрден.

«Біріншіден, біз бұл мәселені көтере бастағанда, 2019 жылы айлығымыздың 65%, одан кейін 10% және биыл 3% көтерілгені сөз болды. Бір қарасаң, өте жоғары көрсеткіш сияқты. Бірақ, сол 2019 жылы жұмысқа жаңа кіріскен өрт сөндіруші 65 мың теңге алатын. Қазір еңбек өтілінсіз, үстемеақысыз, таза айлық – 109 мың теңге», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуына қарағанда сала мамандарының айлығы бастапқыда қазіргіден 40 пайыз көтерілмек.

«Қазір Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты тым болмаса 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлеріміздің айлығы өседі», - деді Юрий Ильин.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика