Роман Скляр Аралды құтқару халықаралық қорының отырысына қатысты

(0 Votes)

22 ақпанда Аралды құтқару халықаралық қорының отырысы онлайн режимде өтті.

Қазақстан тарапынан шараға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты. Кездесуде су ресурстарын басқару және пайдалану мәселелерін шешудің маңыздылығын түсіну, мүдделі елдер арасындағы көп қырлы ынтымақтастықтың оң үрдістері атап өтілді. Р. Скляр өз сөзінде Қазақстан тарапы Арал теңізіне трансшекаралық өзендердің ағынының қалыптасу аймағынан жоспарланған экспедицияны қолдайтынын, сондай-ақ осы экспедицияны сәтті ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар ирригация мен энергетика мүдделерін ескере отырып, өңірдің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану механизмін қарастыратын Өңірлік су-энергетикалық консорциумын құру мәселесін қарастыру ұсынылады.

Арал теңізі бассейнінің су шаруашылығын, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту қажеттілігі тұрғысында қатысушылар аймақтық ұйымдардың рөлін күшейтудің және аймақтағы барлық елдердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, су-энергетикалық ресурстарды пайдалану саласындағы тиімді шараларды әзірлеуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Аралды құтқару халықаралық қорының басқарма отырысының нәтижесінде тиісті хаттамалар мен құжаттарға қол қойылды.

Кездесуге сондай-ақ Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрлерінің орынбасарлары, Түрікменстанның Су ресурстары комитетінің төрағасы, Аралды құтқару халықаралық қорына мүше елдердің мүдделі ведомстволарының жауапты қызметкерлері қатысты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика