РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНДА ШОРТАНБАЙЛЫҚ НҰРХАН МИРМАН ТОП ЖАРДЫ

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына (10-11 сынып) арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.

 Аталмыш республикалық білім олимпиадасы биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Олимпиаданың басты мақсаты– ауыл оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, жан - жақты дамуына жағдай жасау, болашақ мамандықтарын таңдауға қолдау көрсету және де халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.

Осы білім бәсекесіне тарих пәні бойынша қатысқан Шортанбай жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мирман Нұрхан Қадіржанұлы үздік нәтиже көрсетіп алтын медаль иегері атануымен қатар ҚР оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды. Осы дарынды оқушымызды дайындаған жетекшісі Байшова Гүлнара Оразғалиқызы.

Дарынды оқушымызды тағы да үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Зор еңбекпен дайындаған жетекшісі Гүлнара Оразғалиқызына, қолдаушы болған ата - анасына алғыс білдіреміз!

Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT