Республика күні қарсаңында мектебіміздің "Парасат" дебат клубының жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Утебаева Гулжузимнің ұйымдастыруымен "Патриоттық рух және Қазақстан жастары" тақырыбында 9-10сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
Оқушылар берілген қарарларды ашық алаңда талдай отырып, өз ойларын айқын жеткізе білді. Нәтижесі қорытындыланып, белсенді оқушылар марапаттауға ұсынылды.
"Қазақстан жастары, Отансүйгіш, өз елінің патриоты" деген ой-түйінмен шара қорытындыланды.