Рамазан күнделігі: Атырауда тегін автобус тасымалы ұйымдастырылуда

(0 Votes)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда жолаушылар үшін тегін автобус тасымалы ұйымдастырылып отыр.

Ерекше жобаны орталық “Иманғали” мешіті мен Атырау қалалық әкімдігі, “Ақжайық” автопаркі бірлесіп қолға алды.

“Тарауық намазына жамағат көп жиналады. Олардың барлығында бірдей жеке көлік бола бермейді. Сондықтан, тегін автобус тасымалы өте өзекті болып отыр. Жолаушылар түнгі мезгілде “Авангард”, “Нұрсая”, “Балықшы”, “Теміржол вокзалы” бағыттарында тасымалдануда. Бұл да бір Рамазан айындағы шарапатты іс болып отыр” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Автобустар жолаушыларды Тарауық намазынан кейін, яғни, сағат 23.00-ден кейін тасымалдауда.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика