Рамазан – 2022: Атырау мешіттерінде ауызашар беріліп, игі шаралар ұйымдастырылады

(0 Votes)

Қасиетті Рамазан айында Атырауда барлық мешіттер жанынан киіз үйлер тігіліп, ауызашарлар беріледі.

Бұл туралы облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы онлайн брифинг барысында айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда мешіттерде ауызашар беремін деушілердің тізімі жасақталып жатыр. Бір адамға ауыз аштыру құны – 2000 теңге болып белгіленіп отыр. Осы қаржы есебінен жамағатқа азық-түлік алынып, жалданып қызмет көрсететін аспаздарға, тазалықшыларға жалақы төленетін болады. Соның ішінде, бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде күніне 500 адамға ауызашар берілетін болады. Рамазан айында Құран хатым түсіріледі, Тарауық намазы оқылады. Осы мақсатта облыстағы қариларымыз дайындық жасауда. Кей мешіттерге қарилар алынуда» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен бірге, Бас имам Рамазанды сезіндіру, дәріптеу мақсатында балаларға арнайы сыйлықтар таратылатынын атап өтті.

«Қасиетті айда Құран жарыстары, Алланың 99 есімін жатқа айтудан жарыстар өтеді. Жанашыр жандармен бірлесе отырып, азық-түлік тарату, киім-кешек тарату сынды қайырымдылық шаралары өтеді. 30 күнде - 30 насихат», «Намаз оқып үйренейік» сынды ағартушылық бағыттағы шаралар да болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, мұсылман қауымы үшін тазару айы болып табылатын қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталады. Биыл ораза 30 күн болады. Сәуір айының 27-нен 28-не қараған түні – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері – 500 теңге.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика