ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден әжелермен ән орындады

(0 Votes)

Қарақат Әбден қазақстандықтарды Республика күнімен ерекше форматта құттықтады.

Президенттікке үміткер «Ару Ана» әжелер ансамблімен бірге қазақтың бейресми әнұранына айналған «Атамекен» әнін шырқады. Рухты да қуатты ән аналар қауымының орындауында  жаңа реңкке ие болды.

«Қайта жаңғырған Республика күні ұлттық мерекеге айналып, патриоттық рухымызды асқақтата түсті. Бірнеше ұрпақтың жадында сақталған «Атамекен» әні жастарды  елжандылыққа тәрбиелейді. Жас ұрпақ халқымыздың рухани құндылықтарын жадында сақтап, ақ жаулықты аналарымыздың тәрбиесін бойына сіңіріп өссе, еліміздің келешегі зор болатыны анық. Мен барша қазақстандықтарды осы ұлық мерекемен құттықтаймын!» - деп жеткізді Қарақат Әбден.

Еске сала кетейік, кандидаттың республикалық және өңірлердегі штабтары кестеге сай жұмыс істеп тұр. Үміткер осыған дейін елорда маңындағы елдімекендер мен Қарағанды қаласында болды. Алдағы күндері Павлодар мен Абай облыстарының жұртшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика