“ Прокуратура туралы” Конституциялық заңның негізгі талаптары түсіндірілді

(0 Votes)

Теңіз ауылдық округіндегі жиналыста аудан прокурорының орынбасары Асланбек Байбусынов тұрғындарға жаңа “Прокуратура туралы” Конституциялық заңның негізгі талаптары  түсіндірілді.

-Мемлекет басшысымен 2022 жылдың 5 қарашасында «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң қабылданған, рұқсат етсеңіздер соның ерекшелігін және негізгі талаптарын түсіндіре кетейін.

Тәуелсіз Қазақстанда басты қадағалаушы орган прокуратураның алатын орны ерекше.

Жаңа Заңның қабылдануының да өзіндік тарихи маңызы бар. Елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілді.

Конституциялық заң деген не десеңіз, оның жай заңмен айырмашылығы нормативтік құқытық актілер иерархиясында конституциялық заң жай заңдарға қарағанда жоғары тұрады.

Аты айтып тұрғандай конституциялық заңдардың Коституцияға тікелей қатысы бар. Конституция елдің басты заңы.

Сонымен қатар жай заңдарға қарағанда коституциялық заңдарды қабылдау, өзгерту не жою қиынрақ.

Олар тек Сенат пен Мәжілістің біріккен отырысында, екі рет оқылғаннан кейін, депутаттардың кемінде үштен екісі дауыс берсе ғана қабылданады.

Мемлекет басшысы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында Прокуратура туралы конституциялық заң қабылдауды ұсынып, бірінші кезекте елдегі заңдылық-конституциялық принципінің рөлін нығайтты.

Себебі прокуратураның қызметінің басты мақсаты мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі құқытарымен бостандықтарын қорғау, заңның үстемділігін қамтамасыз ету және ҚР аумағында заңдылықты нығайту.

Осы орайда жаңа Конституциялық заңның негізгі талаптарына тоқталсам.

Бірінші, жаңа Конституциялық заң бойынша - Бас Прокурор жаңа құрылған Конституциялық Сотқа жүгіне алатын болады.

Сонымен қатар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасының мәселелері жөнінде соттарға түсіндірме беру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгіне алады.

Екінші, прокуратура органдарымен қаралатын жолданымдардың (арыз, өтініш) санаты кеңейтілді. Енді прокурорлар уәкілетті органдар әрекетсіздік танытып, олардың қаралуын тиісті түрде қамтамасыз етпеген, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бар жолданымдарды қарауға құқылы.

Бұған қоса, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы туралы жолданымдарды қарай алады.

Үшінші, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында Еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді мемлекет мүддесіне қайтару мәселелерін жүзеге асырады.

Төртінші, қадағалау жүйесін арттыру мақсатында жаңа прокурорлық акті - заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру енгізілді.

Ендігі жерде прокурорлар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау немесе дайындалып жатырған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғаларға заңдарды бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндіреді және заңдарда белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

Бесінші, бұған дейін прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері бойынша және заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқаулар берген болса, қазіргі таңда бұл нұсқаулар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қосымша тексеру жүргізу; атқарушылық іс жүргізу; жазаларды орындау; прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер; мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу тізбелерімен толықтырылды.

Сол сияқты прокурордың қаулы шығару құзыреттілігі кеңейіп, айқындалды.

Осылайша жаңа Конституциялық заң - заңдылықтың сақталуын қадағалауға, адам, оның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтардың сенімін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталғанын атап өткім келеді, - дей келе, Асланбек Байбусынов Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрация ұйымдастыру және өткізу тәртібін түсіндірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521