Президент оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтады.

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz. "Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін. Пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастардың арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика