Президент неге алаңдаушылық білдірді?

(0 Votes)

Кеше Мемлекет Басшысы Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың кең көлемді сұхбаты "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды.

Осы сұхбатында Президент Қазақ тілі, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрге қатысты пікірін білдірген. Бұл өте маңызды пікір, сонымен бірге ұстаным деген ойдамын.

Президент сұхбатында былай дейді:- "Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадырлеуден басталады". Қоғамда мемлекеттік тілдің тағдырына алаңдаушылық бар. Ол негізсіз де емес.

Президент ойы осы алаңдаушылықтан алда арылуға себеп болар деймін. Енді осы ой пікірді іске асыру аса маңызды. Ең алдымен билік тізгінін ұстап отырғандар құлақ асулары керек. Мен осыдан екі – үш күн бұрын ФБ-те тілгебайланысты "ХалелҰлағаты" атты Халел Досмұхамедұлының мақаласын жариялаған едім. Алаш көсемінің осыдан жүз жыл бұрын жазылған бұл мақаласы Президент пікірімен үндес. Дана, ғұлама Халел :Өз тіліңді білмей тұрып жат тілді еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек – деп жазып ескерткен болатын. Бұрынғы ғұлама-даналардың, қазіргі Мемлекет Басшысының сөзіне құлақ түрейік, көп болып іске асырайық және іске асуына атсалысайық.

Сәрсенбай Еңсегенов, сенатор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521