Президент: "Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес"

(0 Votes)

Президент оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керектігін айтты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда айтты.

«Қазақстан – осы геосаяси аймақта саяси жүйесін қысқа мерзім ішінде түбегейлі өзгерткен бірден-бір мемлекет. Тың өзгерістердің арқасында саяси реформалардың Қазақстанға ғана тән ерекше үлгісі қалыптасты. Келешекте де оның мән-маңызы арта бермек. Алайда, қолда бар жетістікке тоқмейілсіп отыруға болмайды. Алда ұзақ жол, ауқымды жұмыс бар. Жалпы, Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал, түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз», - деп тоқталды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін ең бастысы әр азаматтың сана-сезіміне серпіліс жасау керектігін баса айтты.

«Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», - деді Президент.

Гүлжанат Қалиева,

аудандық мәслихат төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521