Президент: Қазақстан коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны ислам елдеріне беруге дайын

(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылуына қатыстым. Ғылыми-технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты жандандыруға қатысты бірқатар ұсыныс айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, ДДСҰ QazVac вакцинасын мақұлдағаннан кейін Қазақстан оны ИЫҰ елдеріне беруге дайын. «Жасанды интеллект, Big Data және киберқауіпсіздік салаларындағы бірлескен жобалар үшін Назарбаев Университеті мен Astana IT Hub алаңын ұсынамыз.

Сондай-ақ, Қазақстан Ұйымға мүше елдер үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша отандық университеттерде 100 грант бөлуге ниетті» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521