Пиротехника пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

фото: GOV.KZ
(0 Votes)

Жаңа жыл әрқайсысымыз үшін орны бөлек мереке. Онымен бірге әрдайым жақсы көңіл-күй, ізгі тілектер, саны көп сыйлықтармен қатар жүреді және ол әрине әр адам қауіпсіз қолдана білуі тиіс отшашуларсыз өтпейді.

Пиротехника әуелден-ақ адамдарға қуаныш сыйлау үшін жасалған. Түрлі нұршашулар,отшашулар және басқа пиротехникалық құралдар бізде бұрынан мерекелік жағдай туғызу үшін қолданылып келеді. Дегенмен, дұрыс қолдана білмеген жағдайда және жауапсыз қолда зияны жоқ нәрсенің өзі қауіп тудыруы мүмкін.Сондықтан күйіп қалудан,жарақаттанудан, өрттен және басқа мерекелік көңіл-күйге кірбің түсіретін жайттар аулақ болу үшін пиротехникалық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаңыздар.

Қауіпсіздік талаптары:

  • Пиротехниканы дауылды, желді ауа райында қолдануға тыйым салынады;
  • Кәмелетке толмаған азаматтар отшашуды тек ересектермен бірге тұтатып, тамашалауы қажет;
  • Тамашалайтын адамдар қауіпті аймақтан алыста, шамамен 30-50 метр қашықтықта тұруы қажет;
  • Пиротехниканы ұруға, оттың жалынына қол тосуға болмайды;
  • Пиротехниканы шылым шегіп тұрып қолдануға тыйым салынады;
  • Пиротехниканы алкогольді мас күйде тұтатуға болмайды;
  • Егер отшашу бірден тұтанбаса, оған бірден жақындауға болмайды. Кемінде бір минут күту қажет (тұтанбай қалған отшашуды қайта жағуға болмайды);
  • Отшашуларды салқын әрі құрғақ жерде сақтау керек (ылғалданып қалған жағдайда оны фен не басқа да жылыту құрылғыларымен құрғатуға тыйым салынады).

Отшашу жасауға тыйым салынатын жерлер:

  • Ғимарат не тұрғын үй іші;
  • Жарылыс және өрт қауіпі бар нысандар аумағы;
  • Темір жол, мұнай, газ құбыры және жоғары вольтты электр желілер маңы;
  • Шатыр және балкон;
  • Сахна, стадион және басқа да спорттық алаңқайлар;
  • мәдени ескерткіш, зират, қорық, ұлттық парк.

Есте сақтаңыз! Пиротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі қайғылы жағдайлар оны қолдану ережелерін сақтамаудан туындайды. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығын және материалдық игіліктерін қайғылы жағдайлар мен өрт қауіпінен сақтаңыз!

Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпі туындай қалса «101», «112» телефондарына хабарласыңыз!

 Ә.Ғайнеденова

Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT