Пәтердегі сейфтен 54 млн теңгені ұрлаған күдіктінің ісі сотқа жолданды

(0 Votes)

Атырауда пәтердегі сейфтен 54 млн теңгені ұрлаған күдіктінің ісі сотқа жолданды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 наурызда сағат 00:22-де Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны «102» операторына шағым түсірген.

«Үй иесі бір аптаға жуық үйінде болмай, өзге қалаға кеткен. Кейін үйіне келгенінде сейфтегі 54 млн теңгесі ұрланғанын көрген. Ұры сейфтен 54 млн теңгені алып, 2 млн теңгені ғана қалдырған. Ұрлыққа байланысты оқиға орнын жіті тексерген полицейлер барлық бейнекамераны тексерді. Бірақ, ұрлыққа қатысты дәйек таппады. Алайда, ұрлық жасалғанға дейін пәтерге келіп, қонақ болып жүргендер арасында жәбірленушінің 1979 жылғы құрбысы күдікке ілінді. Тергеп-тексеру кезінде күдіктінің қомақты қаражатпен Алматы қаласына кеткені анықталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан 36 млн теңге тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атыраулық полицейлер күдікті қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігісен тергеу жүргізіп, іс-құжаттарын сотқа жолдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT