Отандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

(0 Votes)

Қазақстандық Денис Евсеев Порто челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 189-орында тұрған АҚШ өкілі Эмилио Навамен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған ойында 3:6, 6:3, 7:5 есебімен Денис Евсеев жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші Порто челленджер турнирінің ширек финалына шығып отыр.

Енді Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 297-ракеткасы, франциялық Жюль Мари немесе рейтингте 350-сатыда тұрған португалиялық Гаштау Элиаштың біреуімен ойнайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521