Қостанайдағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған

(0 Votes)

ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің мәліметі бойынша, Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі ахуал мынадай. Бұл оман шаруашылығына қарасты 106 мың гектар орман қорының ішінде өрт шалған аумақтың жалпы ауданы 43 мың гектардан асады. 8 жерде өрт лаулап тұр. Бұл учаскелерде жалын ағаш басын шалуы мүмкін деген қауіп бар. Жалынның елді мекендердегі тұрғын ғимараттарға таралуын болдырмау үшін үш жауынгерлік учаске құрылды,- дейді ведомство басшысы.

Өрт орманды алқапта лаулап тұрғандықтан әуеден су құю үшін қосымша тікұшақтар жұмылдырылмақшы.

«Өрттің таралу бағытында үш әуе кемесі жұмыс істеп жатыр. Қосымша тағы үш әуе кемесі қосылады деп отырмыз. Олар да әуеден су төгетін қондырғымен жабдықталған. Ағаш басын шалған өртке осындай тәсіл көбірек тиімді болып тұр», - деді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521