Қос медиасерiктестiк арасындағы меморандумға қол қойылды

(0 Votes)

Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен тың бастама қолға алынды. «ОЙЫЛ–ҚИЫЛ–ЖЕМ–САҒЫЗ» атты экологиялық тақырыптағы бірлескен шығармашылық-зерттеу жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Жоба аясында «Атырау-Ақпарат» және «Ақтөбе медиа» ЖШС-тері арасында әріптестік бағыттағы қарым-қатынастарды дамыту, бұқаралық ақпарат құралдары саласында шығармашылық байланыстарды өрістету көзделіп отыр. Осы бағытта бүгін аталған екі серіктестіктің басшылары Ысқақ Егембердиев пен Раукен Отыншин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

«Ақтөбе Медиа» серіктестігінің директоры, Қазақстан Журналистер Одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин шығармашылық-зерттеу жобасының серіктесі болып табылады. Меморандум аясында аталған өзендердің ахуалы жөнінде экспедициялар, қоғам белсенділері, тиісті құрылымдармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстар жасалады.

kelisim

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика