Қос елдің азаматтығымен Атырауда жүрген 4 тұлға елден шығарылды

(0 Votes)

Атырау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасымен жыл басынан 4 тұлғаға  ҚР азаматтығынан айыру бойынша құжат рәсімделді.  Олардың барлығы Ресей азаматтығын алғандар.

Облыс аумағында қос азаматтықпен жүргендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен олардың біріне 408 380 теңге айыппұл салынса, 3  тұлғаға  ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы шешім қабылданды - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді. Яғни, шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.

Қазақстан Республикасында қос азаматтылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496 бабына сәйкес төмендегідей әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азматтығын алу фактісін хабарламау екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің фукнкцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық–өкімді немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521