Қосқұдықта бәйге өтті - Түркітілдес журналистер қоры

(0 Votes)

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды.

Жарыс барасында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі.

b1ad7a25-baeb-4fa5-9ee7-39edce642a15-696x327

Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушалырға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді. Жалпы, республика деңгейінде өткен бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы –Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты.

Соның ішіндегі 25 шақырымдық “Аламанға” – 50 сайгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40, 8 шақырымдық құнан бәйгесіне -50, 4 шақырымдық тай жарысына– 30 ат шабысқа жіберілген. Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар қатысқан топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен – Ескелді ауданы, тайбәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болса, ал аламан бәйгесінен – Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады. Ардақ Қасымхан, Қапшағай қаласы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика