Қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті

(0 Votes)

Атырауда «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» атты қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті.

Егемендіктің еңселенуіне елеулі үлес қосып, ел тыныштығын қалтқысыз қадағалап келе жатқан қуатты құрылымның бедерлі жылдар белесіндегі тарихи сәттері таңбаланған туындылар тәуелсіздік тойына тарту ретінде жарық көріп отыр.

img-20211201-wa0003

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мемлекет тыныштығының қорғаны. Алайда, қызығы мен құпиясы мол бұл саланың қызметі жайлы көп айтыла бермейді. Оқырманға жол тартқан қос кітапта барлаушылардың былайғы жұрт біле бермейтін жауапты қызметінің қыр-сыры, есімі ерлікке ұласқан азаматтардың айбынды жолы кеңінен өріс алған. Ауыр желдің өтінде жүріп арманынан алыстап қалған жандардың есімін кейінгілерге үлгі ету мақсатында ерлікпен қаза тапқан батырлардың өмір-өнегесі құнды еңбекте әсерлі баяндалған. Кітаптың таныстырылымына Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері, қызмет бабында ерлікпен ажал құшқан азаматтардың туыс-туғандары, журналистер мен сала мамандары қатысты.

img-20211201-wa0005

Шара қала ортасындағы «Жеңіс саябағына» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Шекара шебінде қаза болған саңлақтарды ескерткіш маңында бір минуттык еске алу рәсімі өткізілді.

img-20211201-wa0004

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың жетекшілігімен жарық көрген ұжымдық еңбек еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханаларға таратылып, «Меломан» кітап дүкендер желісі арқылы сатылымға түсетін болады. Сондай-ақ оқырман қауым кітаптың электронды нұсқасымен Kitap.kz интернет-платформасы арқылы да таныса алады. Елбасы Жарлығымен құрылған ҰҚК Шекара қызметінің өткені мен бүгіні, өткерген алмағайып кезеңдері кеңінен сараланған мақалалар шынайы дереккөздерден, архивтерден алынған дәйектер негізінде жазылған.

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика