Алматы, 8 ақпан-Бағдарламаның төртінші кезеңіазаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларғаинновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.
“Qolda 4.0″ байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.
Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:
1. Экономикалық бағыттағы жобалар; 2. Экологиялық бағыттағы жобалар; 3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан).
Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынантабуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақытыбойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электрондымекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз:
Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға иеотбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратыннауқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрынсотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.
«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық АзияныңЕуразия Қоры және “Шеврон” компаниясыныңсеріктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылыаймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергіліктіқауымдастықтарды нығайту мен азаматтық жәнеэкономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуғакөмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстардыжұмылдырады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланғанэнергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өзоперацияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетугежәне дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегіаз бизнесті дамытуға ұмтыламыз.
«Шеврон» туралықосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуғаболады.