Оралда пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды

(0 Votes)

Оралда пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды, бұл іске қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 24 сәуірде сағат 11:31 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ​оқиға орнына келгеннен кейін қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған ер бала анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ- ға тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

https://atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT