Онлайн санақ қалай өтуде?

(0 Votes)

6 қыркүйек күнгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 302159 респондент онлайн санақтан өтті.

Олардың 271066-сы sanaq.gov.kz сайтында, 25669 Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 5424 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы бес күннің қорытындысымен мегаполистер алға шығып отыр. 46480 астаналық тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 43690 адам Алматыда тіркелген. Үздік үштікті Шымкент түйіндеді. Мұнда 40791 адам санақ сауалдарына жауап берді. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 3350 және 2542 адам санақтан өтіпті.

Азаматтардан санақ кезінде алынған барлық ақпараттар Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі.

Айта кетейік, қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатысуда. 2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтуде. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, 2021 жылдың Ұлттық санағын 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимде респонденттердің өздерінің толтыруы арқылы жүргізу жоспарлануда. Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады. Мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылатын болады. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастады, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521