Олжас Бектенов Құлсарыдағы су тасқыны жағдайын тексеріп тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

(0 Votes)

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың басшысы Олжас Бектенов Атырау облысындағы ағымдағы жағдайды тексерді. Аумақты тікұшақпен барлап өтіп, жағалауды нығайту жұмыстарының барысы қаралды.

Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, тұрғындардың қабылданып жатқан шараларды күшейту жөніндегі сұрақтарына жауап берді. Ұшу кезінде Жайық және Жем өзендерінің жай-күйі тексерілді, онда су тасқыны анық байқалып отыр.

➤ Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі Жылыой және Қызылқоға аудандарында сақталады.

➤ Бүгінде Қызылқоға ауданында Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Қөздіқара ауылдарында қауіп-қатер жойылды.

➤ Ақтөбе облысы Ойыл ауданы тарапынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан.

➤ 28 551 адам эвакуацияланды.

➤ Судың ағу қарқынын төмендету мақсатында Жем өзенінің аңғарын үш рет қолдан жырылды, сонымен қатар Жем өзенінің бойында орналасқан жасанды бөгеттер бұзылды. Бұл шаралар өзен арнасын қайта бағыттауға және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге, ағынның Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін арттыруға және су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

✔️Тұрғындар мен еріктілер тұрғын үй секторын су басуға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

 https://t.me/KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521