Офицерлердің күн тәртібінде Ел Президентінің Жолдауы

(0 Votes)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде офицерлер кеңесі өтті, онда ел Президентінің Жолдауы, Әкімшілік кодекс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Кездесудің негізгі тақырыбы жуырдағы ел Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы болды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қанатбек Белгібеков Жолдаудың негізгі жеті бағыты мен бес бастамасы туралы кеңінен айтып берді.

- Мемлекет басшысы қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерге төтеп беруді арттыру мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол әскердегі сарбаздардың мамандық иесі атануға мүмкіндік жасау керектігін айтып кетті. Мұның бәрі Қарулы Күштер үшін де, жалпы ел үшін де өте маңызды. Осы орайда, өңірлік қолбасшылық офицерлері бұл бағдарламаны іске асыру бойынша барлық бастамаларды қолдауға дайын, - дейді қолбасшының орынбасары.

Сондай-ақ, офицерлерге «Отпантау-2021» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларында Жоғарғы Бас қолбасшы айтып өткен жалақының өсу тәртібі түсіндірілді, Әкімшілік кодекс пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521