banner_damu

Облыстың су қоймаларында қауіпті аймақтар бар

(0 Votes)

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше Атырау облысындағы су қоймаларында 70 қауіпті аймақ бар, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

- Атырау облысы аумағында мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында, су бойында шомылуға тыйым салынатын қауіпті аймақтар анықталды. Атап айтсақ Атырау қаласында – 17, Индер ауданында – 10, Махамбет ауданында – 19, Құрманғазы ауданында – 2, Жылыойда – 7, Қызылқоғада – 15 орын анықталды. Осы мәселеге байланысты жергілікті әкімдіктер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Атырау қаласы аумағында және облыс аудандарында полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдіктер тарапынан, суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша көпшілік-насихат жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр, – деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат Ержанов.

Оның айтуынша, ақпараттандыру мен алдын алуды күшейту мақсатында, аталмыш жұмыстарға өңірдегі Ұлттық ұлан әскерлері, 4 волонтерлік ұйым жұмылдырылған.

- Қазір судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша ұйымдастырылатын күнделікті рейд шараларына 73 адам тартылып отыр. Сонымен қатар, Атырау қаласы мен Жылыой аудандарында судағы құтқару стансасы тәулік бойына кезекшілік атқарса, осындай станса 1 маусымнан бастап Құрманғазы ауданында іске қосылады, – деді Асқат Ержанов.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика