Облыстың банк секторы. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) 14 филиалы, 48 бөлімшесі, 61 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың ЕДБ филиалдарымен 280,8 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 26,6 %-ға көп. Заңды тұлғаларға несие беру 24,9 %-ға 79,6 млрд. теңгеге дейін көбейді, ал жеке тұлғаларға – 27,3 %-ға 201,2 млрд. теңгеге дейін.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде азаматтарға тұтыну мақсаттарына 151,3 млрд. теңге берілді, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі көрсеткіштен 31,1 %-ға жоғары.
2024 жылғы 1 мамырға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 801,7 млрд. теңгені құрады, 2023 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда 22,0 %-ға өскен. Жеке тұлғалардың берешектері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2 %-ға көбейді және 674,1 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі–7,2 %-ға өсті және 127,6 млрд. теңге болды.
2024 жылғы 1 мамырға тұрғындарға тұтыну мақсаттарына берген несиелер бойынша берешектер 415,8 млрд. теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 30,7%-ға өсті. Осы орайда жеке тұлғаларды несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 61,7 %-ды құрайды.
2024 жылғы 1 мамырға несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2023 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда 41,4 %-ға азайды және 21,8 млрд. теңгені құрады. Жалпы көлемдегі заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешектерінің үлесі 23,8 %-ды құрады, жеке тұлғалардікі –76,2%.
Облыстың депозит нарығы. 2024 жылғы 1 мамырға ЕДБ филиалдарындағы салымдар 2023 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда 18,3 %-ға көбейді және 705,6 млрд. теңгеге жетті. Жеке тұлғалардың депозиттері 21,9 %-ға өсті, заңды тұлғалардікі–12,0 %-ға.
2024 жылғы 1 мамырға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7 %-дан 76,0 %-ға өсті, ал шетел валютасымен–34,3 %-дан 24,0 %-ға кеміді.
Облыстың валюта нарығы. 2024 жылғы мамырдағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 84 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 61– уәкілетті банктердікі,12–«Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11– уәкілетті ұйымдардікі.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 22,2 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 31,6 %-ға төмен. Сонымен қатар 1,4 млн. еуро (10,2 %-ға азайды), 623,7 млн. ресей рублі (13,0 %-ға кеміді) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2024 жылғы қаңтар-сәуірде халыққа 107,9 млн. АҚШ доллары сатылды, 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,8%-ға өскен. Бұдан басқа халыққа 4,5 млн. еуро (19,1 % азайды), 739,3 млн. ресей рублі (16,5 %-ға азайды) сатылды.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2024 жылғы 1 мамырға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 2 753,8 мың бірлікті құрады. Облыста 616 банкомат, 40 377 POS-терминал жұмыс жасайды.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1 172,6 млрд. теңге сомасына (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 11,9 %-ға кеміді) 115,2 млн. транзакция (өсім 12,5 %) жасалды.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 246,7 млрд. теңге сомасына (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді) 2,6 млн. транзакция (3,6%-ға кеміді) жасалды.