Облыстық «Атырау» газетінде – жаңа Бас редактор

Рейтинг: 0 / 5

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы қызметіне Назарбек Төлеуішұлы Қосшиев тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға «Атырау-Ақпарат» басшысы Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Назарбек Қосшиев 1976 жылы туған. Білімі – жоғары. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология, 2004 жылы экономика факультеттерін бітірген.

Назарбек Төлеуішұлы еңбек жолын телеарнадан бастаған.

Атырау облыстық телерадиокомпаниясында бейнемонтаждаушыдан бастап, директордың орынбасарлығына дейін жауапты лауазымдар атқарды. Әр жылдары «Атырау» газетінің бөлім редакторы, облыстық «InterYes» жастар газетінің бас редакторы, «Атырау-Ақпарат» КМК мониторинг және сапа менеджменті бөлімінің басшысы болды. Индер аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы болып қызмет етті.

Мемлекеттік қызмет саласында да үлкен тәжірибесі бар. Бірнеше тарихи, публицистикалық кітаптардың, тарихи-деректі телефильмдердің авторы.

ДИРЕКТОРДЫҢ ЖАҢА КЕҢЕСШІСІ

«Атырау–Ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі болып Балмағамбетов Исатай Құндызбайұлы тағайындалды. Оны ұжымға «Атырау-Ақпарат» басшысы Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Исатай Балмағамбетов 1961 жылы туған. Білімі – жоғары.

1983 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Коммунистік еңбек» газетінен бастады. Республикалық «Лениншіл жас» газетінің меншікті тілшісі, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Атырау облыстық «Қазақстан» телерадиокомпаниясының жауапты редакторы, «Алтын орда» газетінің директоры-бас редакторы болды.

Соңғы қызмет орны – облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы.

«ҚР Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның Құрметті журналисі», Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика