Облыста шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілерінің кінәсінен 17 адам қаза тапқан

(0 Votes)

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мырзалы Өтеғалиев айтты, — деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылдың 10 айында ғана шетелдерде тіркелген көліктерді басқарған жүргізушілердің кінәсінен 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам қаза тапты. 75 адам жарақат алған.

– 2021 жылдың 10 айында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 4096 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Көршілес елдерден келген көліктердің ішінде сот үкімімен шектеліп, есептен шығарылған көліктер де аз емес.

Мұндай көліктерді тіркеуден өткеннен кейін ғана пайдалануға болады. Оның ішінде көрші елдерден келген шетелдік көліктер ұрлануы мүмкін немесе шектеулер болуы мүмкін. Мұндай көліктер тәркіленіп, иесіне қайтарылады, – деді спикер.

Атап өткендей, Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмірлері мен құжаттары бар 100-ден астам ресейлік автокөлік анықталды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясының талаптарына сәйкес, шетелдік автокөліктер Қазақстан Республикасының аумағында бір жыл ғана жүре алады», - деді Мырзалы Өтеғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521