Облыс прокуроры блокпосттардың жұмысын тексерді

Рейтинг: 0 / 5

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен Атырау қаласында ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 15 сәуірі аралығында карантин енгізілді, облыс орталығына кіруге және шығуға тыйым салынды.

Осыған байланысты қаланың шығу жолдарында 4 блок посттар ұйымдастырылып, полиция, денсаулық сақтау органдары қызметкерлері және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері кезекшілік етуде.

Бүгін, уақытша шектеулерді жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуроры Х.Дәуешов «Атырау-Астрахань» және «Атырау-Орал» бағыттарындағы 2 блок постта болды.

Жалпы блок посттардың жұмысына оң баға берілді. Шығу нәтижесімен шектеу іс-шараларын жүзеге асыру барысында уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмдері үйлестіріліп, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында туындайтын жекелеген мәселелерді шешуге барынша жауапкершілікпен қарау тапсырылды.

Төтенше жағдай және енгізілген карантинге байланысты прокуратура мобильді топ құрды, ол белгіленген тәртіптің сақталуына жүйелі негізде тексеру жүргізуде. Мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді.

Атырау облысының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика