banner_damu

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРДЫ

(0 Votes)

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралап көрді.

Ет, сүт, балық өнімдері мен көкөністердің бағасын көріп, тұрғындармен тілдесті. Аптаның сенбі-жексенбі күндері қаладағы «Аламан» және «Елнас» базарларында санитарлық талаптар сақтала отырып, тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылып келеді. Шаруалар орынға жалақы төлемейтіндіктен өнімдерін делдалдарсыз тұтынушыларға тікелей арзан бағаға сата алады. Тұрғындар үшін де қолжетімді бағаға өнім алу дәстүрге айналып келеді.

Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырған Атырау мөлтек ауданы, "Аламан" базарындағы жәрмеңкеге Атырау қаласы, Махамбет, Исатай және Индер аудандарынан барлығы 80-ге жуық шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілер қатысқан. Олар өз өнімдері мен сырттан жеткізілген түрлі өнімдерін сатты. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, бағаға қатысты мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Тұрақтандыру жұмыстарының нәтижесінде картоптың келісі қазір 170 теңгеден сатылуда. Алдағы уақытта бұл баға 110-120 теңгеге дейін төмендейді деп болжанып отыр. Өйткені, шілде айында жергілікті өнімдер сатылымға шыға бастайды. Сол кезде бастапқы баға қалпына келеді. Тұрғындар нарық бағасынан төмен бағамен қажетті таураларын алуда. Мәселен, Жаңаталаптың жеткен жылыжай қиярларының келісі 40 — 75 теңгеден сатылуда. Пияз 100-110 теңгеден, қырыққабат 130 теңгеден, жұмыртқа C2-24, C1-26, с3-12 теңгеден, сиыр етінің келісі 1700-1800 теңгеден, сазан 650 теңгеден, ал сәбіз 400-450 теңгеден саудаланды. Өз кезегінде облыс басшысы бағаның тұрақтылығын басты назарда ұстауды тапсырды. Жәрмеңкеге шығаратын тауар түрлері мен көлемін арттыруды, сондай-ақ тұрақтандыру қоры арқылы тиісті жұмыстарды жандандыруды жүктеді. Жәрмеңкеде барлығы 40 500 дана жұмыртқа, 12 тонна картоп, 12 тонна қияр, 6 тонна ет, 5 тонна пияз, екі тоннадай балық, екі тоннадай тауық еті, сондай-ақ 1,2 тонна шұжық, 500 кг сәбіз, 600 кг қырыққабат, 600 литр сүт өнімдері мен өзге де азық-түлік түрлері сатылды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика